С.А.Назарбаеваның рухани-адамгершілік бағдарламасы туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі
Мақсаты:
Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы, адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы С.А.Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар беру.
Міндеттері:
· оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;
· қамқорлықжасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;
· рухани адамгершілік қағидаларын дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
2017 жылдың 3 ақпанында Қызылжар орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндіктің аясында рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Калиманова Р. Мен өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мадинаш А. ұйымдастырды.
Көрмені тамашалауға келген оқушыларға Сара Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына, оның ішінде қайырымдылық қызметіне қысқаша шолу жасап, оның авторлығымен жарық көрген еңбектерге сипаттама берді. Сонымен қатар, оқушылар Сара Алпысқызына арналған өлең-шумақтарды дауыстап, мәнерлеп оқыды. Көрмеге Сара Алпысқызының портреті, сөздері, сондай-ақ ол туралы әр жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар мен «Бөбек» қайырымдылық қорының акцияларында балалармен кездесу сәті бейнеленген суреттер қойылды. Аталған көрмеден оқушылар көп мағлұмат алды.