Целиноград ауданының білім бөлімінде 2016 жылдың 8-9 желтоқсанында оқушылар арасында аудандық олимпиада өткізілді. Бұл іс шараны өткізудің мақсаты - ғылыми білімді насихаттау, өз білімін жетілдіруге оқушыларды қызықтыру, дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, оқушыларды облыстық және республикалық олимпиадаларға қатыстыруға даярлау мен іріктеу.
Олимпиада Қараөткелдің №2 орта мектебінде 2 турдан 13 пән бойынша жүргізілді. Олимпиаданың салтанатты ашылуы кезінде қонақтарды жылы сөзбен қарсы алып, өзінің балаларға деген тілегін білдіріп, білім бөлімінің әдіскерлері сөз сөйледі.Осы аудандық олимпиадаға Қызылжар орта мектебінен 9 оқушы қатысты. Аудандық олимпиада қорытындысы бойынша біздің мектебімізден қатынасқан 9 оқушының 2-еуі жүлделі 3 - орындарға ие болып, жеңімпаз атанды.Олар: Жұмабай Дариға 9-сынып(мұғалімі Шынбаев Е.С.), Көппай Танат 11-сынып
(мұғалімі Искаков Б.М.), Жеңімпаздар білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар осы оқушыларды дайындаған пән мұғалімдеріне де үлкен алғысымызды білдіріп,рахметімізді айтамыз.
Мадинаш Айсұлу
Қазақ тілі мұғалімі