«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.01.2017

«Тәуелсіздік – тірегім!»

                                                                                 

Ей, тәкаппар дүние!

                                                                                    Маған да бір қарашы.

                                                                                Танисың ба сен мені?

                                                                                          Мен – қазақтың баласы.

(Қ.Аманжолов)

      Батырларымыз ат үстінде жалауын желбіретіп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен намысын, Отанын қорғаған заманға көз жүгіртсек, өмір ағымының тура сол кезеңі Тәуелсіздікке ұмтылудың бастамасы болды десек артық емес.  Керей және Жәнібек хандар қазақ атты халықтың негізін салды. Одан кейін, қанша ананың жасы, қанша әкенің қаны жерге сіңді. Бұның барлығы ұрпағымыз осы туған жерінің ауасымен тыныстап, топырағында аунап өсуі үшін еді. Кейін коммунизм орнаған кезеңде тіліміз, дініміз, дәстүріміз жоғалудың аз – ақ  алдында еді, бірақ ұмытылмады.  Сарыарқаны сандалған көшпелі қазақ қаны біздің бойымызда тынбады, сөнген оттық кішкене ғана маздаған шоғы болдық, сол шоқ қайта лаулады, жанды.

Біз – келер ұрпақ Тәуелсіздіктің қалай келгенін түсінбеспіз, бірақ ұмытпаймыз. Тәуелсіздік жолында қаһарлы жаудан қаймықпай қарсы тұрған сайыпқыран батыл жандардың ерлікістерін қадірлеп өтеміз. Тәуелсіздік – басымызға қонған бақ, Тәуелсіздік – жарқын болашақ кепілі, Тәуелсіздік – халқымыздың асыл арманы. Қараңғы қазақ көгіне,өрмелеп шығып күн болған, Тәуелсіздікті бізге сый еткен  ата – бабамыз ширек ғасыр бойы Қазақстанды гүлдендірген, бүгінгі күнге дейін көркейтіп келе жатқан біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі  аңызға айналып тасқа қашалғандай алтын әріптермен тарихымызда қалатынысөзсіз. Тәуелсіз ел – бейбіт ел. Біздің тілеріміз Қазақстан  - мәңгі Тәуелсіз болғай.

Рамазан Тоғжан

7-сынып оқушысы

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст