«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.01.2017

Тәрбие  сағат  тақырыбы: Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл

Тәрбие  сағат   мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын

мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне,ұлтына  деген  патриоттық сезімін  қалыптастыру.

Құрметті ата-аналар, мектепалды бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған  жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен  жазылып қалатын  Тәуелсіздік күні

мерекесіне арналған: «Тәуелсіздікке 25жыл» атты тәрбие  сабағымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген.Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен сыныпқа билеп кіреді.

Мұғалім:

Тәуелсізбің бар ма мұң?

Дәлелі болсын талғамның,

Өркені өссін қазақтың,

Осы менің арманым.

О, Ақорда  ақшатыр,

Ұлы сана, бақ шатыр,

Баянды болып азаттық

Бағы ашылған қазақтың.

Осы менің мақсатым.

Халқым менің тірегім.

Нұрсұлтан Әбішұлы.

Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Біздің еліміз қалай аталады?

Қазақстан Республикасыдның елодасы қай қала?

Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы

Туымыздың авторы кім?

Арай:

Желтоқсанның күні еді ызғарлы,

Сол күні қатып жатты мұздары.

Елең етпей ызғары мен суығың,

Тұрды  алаңда  қазағымның 

ұлдары мен  қыздары.

Дінмұхамед:

Кең  далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз.

Қас тағдырдың 

қиқанына көнбейміз,

Ел  намысын ешбір

жанға бермейміз.

Жанайым:

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.

   Міне. осыаға-апаларымыздың арқасында егемен ел болып,көк туымыздың байрағы желбіреді.Осы

желтоқсан айында,қаза болған аға –апаларымызды 1минут еске алайық.

Мұғалім:

Күміс күй мен әнге толы тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын.

Тәуелсіздік күні бүгін ұлы той.

Ән: «Көк Тудың желбірегені»

Абдулқадыр:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл даланы атам  қолға ту алған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Алдияр:

Құт береке шанырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам!

Абильмансур:

Таңдай  қаққан шартарап

Көк тауымдай бар ма бақ?!

Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап!

Назерке:

Тәуелсіз ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тен болу.

Ән: «Туған жер »

Осылайша шаттық пен өсіп келеміз.

Би: «Шаттық биі»

Мұғалім:

Тәуелсіздік баға жетпес бағымыз.

Қымбаттанда ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік білектегі әліміз,

Тәуелсіздік жүректегі әніміз.

Сабина:

Желтоқсан  айы естесің,                                       

Дауыл боп  бұрқап  ескенсің,

Азаттық  күйі   қашаннан

Көкейін  елдің  тескенсің,

Шектеліп  ана  тіліміз,

Оқылмай  өлең-жырымыз,

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар  қалай  күйеміз?

Тарылып  жатса  даламыз,

Қайтіп  бізтыныс  аламыз?

Қақымыз  жоқ   айтуға,

Әділет  қайдан   табамыз?

Бұрақ етті  қазақ  баласы,

Кеудеде  өршін наласы

Алаңға  қарай  ағылды.

Таусылып  барлық  шарасы.

Жібердік еркін  ат  басын.

Қиянат  жанға  батқасын.

Тоқырау  тауын  күйреттік,

Деп «Теңдік күні  батпасын » .

Жанымыз  жомарт  қазақпыз,

Мәңгүрт  боп  кете жаздаппыз.

Қосайық  басты  бауырлар,

Жанайық 

жансақ  маздап біз.

Расул:

Тәуелсіз  еліме 25жыл!

Ұлан-байтақ  неткен  жер!

Дәнді –дақыл  еккен  жер.

Жеттік  міне  арманға

Қазақстан-Ерікті ел!                                                          

  Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін  жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді.Сол  жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз Үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың  армандаған ұрпағы  біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет.

Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.Осымен құрметті қонақтар мектепалды даярлық

сыныбының дайындаған Тәуелсіздікке 25 жыл атты тәрбие сағаты аяқталды.

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст