«Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан»
Тәрбие сағаты
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан
етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйспеншілігін арттырып, еліне деген махаббат сезімін ояту;
Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қазақстан Республикасының картасы, мемлекеттік рәміздер, қанатты сөздер «Отан-отбасынан басталады», «Отан үшін
отқа түс, күймейсің», «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» т.б. кітаптар көрмесі «Қазақстан – мәңгілік ел», слайд.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,
Формасы: тәрбие сағаты
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан жұртшылығы биылғы жылды Тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдығына арнап отыр. Еңдеше Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығынаарналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіз болдыхалқымыз,
Әлемге жеттітабысы,
Әнұраны ойналып,
Естілді міне дауысы. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: Отан - әр адамның жүрегінде жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған жерің, өзіңнің туысқандарың мен тұратын жерің. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Оның астанасы- Астана
қаласы. Бүгінгі Қазақстанды көптеген мемлекеттер таныған елміз. Біздің өз Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар екендігі баршамызға мәлім.
Тәуелсіздік –достығымыз,
Тәуелсіздік-ел бірлігі,
Тәуелсіздік ертеңіміз,
Ұрпақтары жарасқан.
Тәуелсіздік – ата жолы
Болашаққа нық басқан.
Мұғалім: Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!