Текст
19 қазан күні мектебімізге Ақмола облысы Дін істері басқармасының "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ теолог маманы Сарденов Абзал Сарденұлы оқушылармен кездесіп, дәріс оқыды. Оқушыларға дін мен дәстүрдің біртұтас тәрбие өзегі екенін ашып түсіндірді. Оқушылар көкейкесті сұрақтарына жауап алып, мол ақпарат алды. Абзал Сарденұлы ата-ананы сыйлау, білім алып отырған мектепке, ұстаздарға құрметпен қарау керек екенін шәкірттерге жеткізе білді. Кез-келген қоғамда тәрбиелі болу, білім алу, сауатты болу ең маңызды іс екенін атап айтты.