Текст
Қазанның 2-сі күні мектебімізде Халықаралық қарттар күніне орай ауылымыздың ақсақалдары мен әжелеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертте мектеп директорының м.а. Берік Мұратұлы қарттарымызды мерекелерімен құттықтап сөз алды. Ұстаздарымыз бен бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалап, ақсақалдарымыз бата берді. Қабанбай ауылы әкімінің орынбасары Шәмшіғали Серікқалиұлыда келіп өз тілегін жеткізді. Мерекелік концерттен кейін дастарханнан дәм татып, ата-әжелеріміз жақсы көңіл күймен тарасты. Мерекелеріңізбен қазыналы қарттарымыз! Аман-сау жүріңіздер!