Текст
Қазан айының 18-20 күні аралығында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Тиналинова Томирис Ақмола облысы Сандықтау ауданында өткен облыстық өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшылары арасындағы "Мен-елімнің ертеңімін" атты форумға қатысып, ең белсенді көшбасшы ретінде алғыс хатпен марапатталды.
11 сынып оқушысы Хұсейнов Айболат шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық "Ақберен" өнер байқауының аудандық кезеңінен 1 орын алып, Ақмола облысы Сандықтау ауданында өткен облыстық кезеңнен 3 орынға ие болды. Оқушыларымызды құттықтаймыз!