Аружан:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және қонақтар
Аружан:
«Алғыс айту- парызымыз» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Аружан:
«Алғыс айту» күнінің шығу тарихы мен жариялануы туралы баяндама
Гулнази: баяндама оқылады.
Аружан:
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
— Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді сіздей,
деп «Алғыс күнін» жариялап, біз жастардың білім алуымызға, бізге қазіргі таңда дамуымызға үлесін қосқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтамыз.
Аружан:
Құрметті көрермендер «Алғыс айту- парызым» атты концертімізді ашық деп жариялаймыз.
Аружан:
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Келесі кезекте өнерлі қыздарымыздың күй өнерін тамашалайық.
Сынып топ басшылары:
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамыз, ризамыз, ризамыз бүгінге,
Ризамыз, ризамыз, ризамыз қазірге.
Алғысымыз шексіз Бабаларыма!
Рахмет саған Отаным!
Алғысымыз шексіз Аналарға!
Алғыс айтамыз Жастарға!
Алғысым шексіз Халқыма
Алғыс айтамыз Ұстаздар!
Алғыс айтамыз мектебім!
Аружан:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.
Тоғжан:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
Гүлсара:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Ән: Ұстазым орындайтын: Серік Анель
Аружан:
Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахнада мектебіміз биші қыздары: ИЗЮМИ тобы
Аружан:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ
сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша
айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай
көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай
қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың
бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын
бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен
анадан тарайды.
Аружан:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық
болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр
таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің
перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын адамдарды да
өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл
адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін,
аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Дильназ
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
Аружан:
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының
әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала –
жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі,
панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы
биік асқар тау. Әкелерге мың алғыс
Аружан:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
Аружан: Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып
аналарымызға, әкелерімізге де басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
Аружан:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан
аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен
ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде
сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат –
Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты
үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңыздар.
Сонымен қатар біз мектебімізді қалай ұмытамыз, мектеп бұл білім ордасы, білім алып
өсіп-өркендейміз, бізді тәрбиелеп, білім берген, өнерлі-өнегелі етіп өсіріп,
келешегімізге жол сілтеген мектебімізге мың алғыс.
Ақбота:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
Жансая:
Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Сымбат:
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Хор «Ризамыз»
Бексұлтан:
Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық қой әр елде
Аружан: Осымен «Алғыс айту- парызымыз» атты
Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп
тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!