«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.03.2018

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ  

Ақпан айының он жетінші жұлдызында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қызылжар орта мектебінде

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізіндеҚазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Филология ғылымдарының кандидаты,

доцент,оқулық, ғылыми монография, ғылыми мақалалар мен көптеген публицистикалық мақалалардың авторы,республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жеңімпазы, белгілі ақын, әдебиеттанушы ғалымСерікзат Дүйсенғазымен кездезу өткен еді.Кездесудің негізгі мақсаты рухани жаңғыруға өзіндік үн қосып, шәкірттерімізді ақынның шығармашылығымен таныстырып,патриоттық рух беру, адамгершілік құндылықтарға баулу еді... Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атынан келгенС.Дүйсенғазы Елбасының бағдарламалық мақаласына байланысты өз ой-пікірін білдіріп, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, жалпыұлттық патриотизмді дәріптейтін «Туған жер» бағдарламасы, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін көрсететін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы және ел болашағы үшін үлкен міндеттер жүктейтін мақаланы жұртшылыққа жеткізіп, маңызды бағдарламаның мән-маңызын саралап дәріс оқыды. Ал, Абай даналығы, Алаш қайраткерлерінің асыл мұраттары, «Ұлттық код», қазіргі уақытта ел болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадамдартуралы ойлар шәкірттердің орынды сұрақ қойып, пікір алмасулар арқылы өрбіді. Қызылжар орта мектебінің оқушылары өз кезегінде ақынның шығармашылығындағы «Менің анам», «Көкдөнен» сияқты өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге, С.Дүйсенғазының сөзіне жазылған Мейрамбек Беспаевтің орындауындағы «Сен үшін жаралғандаймын» әнін 10-сынып оқушысы Т.Нокешов нақышына келтіріп орындады. Айтыскер ақын жас ұрпақтың жалынды сөзін тыңдап, өнегелі өнерін көріп бір марқайғандығын айтты. Осы өңірде қырық жылдан артық ұстаздық еткен Абаев Ерден ақсақал С.Дүйсенғазыға бата беріп, дәстүр бойынша оюлы шапанын жапты.

Бізде Қызылжар орта мектебінің атынан естелікке қазақы нақыштағы қабырға суретін сыйладық. Арқалы ақын импровизация яғни суырыпсалмалық өнерін паш етіп, Қызылжар орта мектебіне арнау айтып берді.  Арнауда жалынды жастарға сенетіндігін айтып, оларға Қабанбай бабамыздың қуатын, Әлихандай зиялылардың санасын берсін деген тілек тіледі. Қызылжар орта мектебінің ұжымына шығармашылық табыстар тілей отырып, біздің оқушыларымызды Еуразия ұлттық университетінің төрінен көргісі келетіндігін дежасырмады.

Серікзаттай бір туар ақынмен өткен бұл кездесу өзінің көздеген мақсатына жете алды. Жас өреннің бұл іс-шарадан санасына түйері, алары көп болды. Келелі кездесуді ұйымдастырушылар: Б.Камиев, А.Мадинаш,

Н.Абдрашитова, Е.Шынбаев, Г.Бажиева, Е.Абаев және Қызылжар орта мектебінің ұжымы. Ақындыдәл осылай қошеметтеп қарсы алып, құрметтеп шығарып салдық.Бұл кездесу Қызылжар орта мектебіне Рухани серпіліс әкелді. Рухымызды асқақтатып, санамызды жаңғыртудан жалықпайық, ағайын!..

 

  Бауыржан Камиев, Қызылжар орта мектебінің директоры

Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст