«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛЖАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтан оқыту жағдайында ұйымдастырылған мектепішілік өткен ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ №1

07.09.2020

Тақырыбы: «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы»

Өткізілген күні: 20.08.2020ж

Өткізілген уақыты: 17.00

Ата-аналар жиналысының мақсаты:  короновирустық инфекцияның  таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу  жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-анларды хабардар ету.

Өткізу форматы: ZOOM және WhatsApp желілері арқылы. WhatsApp желісі арқылы жаднамалар таратылды.

Барлығы:

Қатысқаны:

Күн тәртібінде:

  1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
  2. Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
  3. Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
  4. Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
  5. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
  6. Баланың оқу режимі және демалысы.
  7. Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
  8. Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
  9. Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы  ережелерімен таныстыру
  10. Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.

Тыңдалды:

  • Бірінші және екінші, үшінші сұрақтар бойынша мектеп директоры сөз алып, жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары ата-аналардың таңдауы бойынша екі түрлі форматта оқылатындығы айтылды. Мектепте жеті кезекші сынып құрылды. Оларға мұғалімдер тағайындалды. Штаттық режимде оқитын сынып оқушылары мектепке келгенде дене қызуы тексеріліп, сүзгіден өтеді. Антисептик, есік алдына төселетін санитарлық өңдеуге арналған кілемшелер, температура өлшейтін құрылғылармен мектеп жабдықталып, дайын тұр. Кабинеттерде 15 оқушыға арналған арасы 1метр қашықтықта әр балаға жеке парта мен орындық қойылған. Кабинеттер екі сабақтан соң қоңырау уақытында  кварцталып тұрады. Кабинеттер қол жуатын құралдармен, антисептикпен жабдықталған. Оқушылар маскада отыруға тиісті.
  • Төртінші сұрақ бойынша информатика пәні мұғалімі Искаков Б.М. ауылдағы интернет желісі, олардың жылдамдығы, оператор түрлерімен таныстырды. Жаңадан іске қосылғалы жатқан тариф жайында қысқаша мағлұмат айта кетті. Сонымен қатар, мектептен 11 компьютер мен 3 планшет көпбалалы отбасылардың балаларға таратылғандығын және тағы 30 компьютерге сұраныс жіберілгендігін айтты.

Бесінші және алтыншы сұрақтар барысында мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Хамзина Г.К.:                                                   Ата-аналар балаларды қашықтан оқыту кезінде мүмкіндігінше келесі жағдайларды ескереді:

- дербес компьютердің, ноутбуктің, планшеттің, смартфонның бар болуын;

- сымды немесе сымсыз (3G немесе 4G / LTE) интернетке (кең жолақты) қосылу;

- динамик пен микрофонның болуы - кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;

- жұмыс атмосферасын құру, сабақ/оқу сабақтарын өткізу кезінде үй-жайда тыныштықты сақтау;

- веб-камераның көру өрісін тексеру (шолуда артық ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз: отбасы мүшелері, шашылған заттар және т. б.)

-веб-камераның немесе HD-веб-камераның – Интернет желісіне қосылған iOS немесе Android-де бейне түсіру/ мобильді құрылғы (смартфон немесе планшет) картасы бар кіріктірілген немесе USB/ HD камерасы немесе HD-бейнекамерасының болуы керек.

«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі. Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс  өткізеді.

БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 5-15 қазан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың  28 қазаннан бастап   өткізу ұсынылады.

БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. Әдістемелік ұсыныстарда 2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар

1-сыныпты бағалау жүргізілмейді.

Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс. Пікір қалдыру үшін мұғалімдер электронды журналдың айдарларын қолданады.

Алтыншы және жетінші сұрақтар бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Амангелді Нұрзат сөйледі:

Баланың оқуға деген ынтасын арттырудағы ең тиімді себептері:

  • оқымысты, білімді адам болуға талпыну;
  • қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге ұмтылу;
  • өз қабылеттерін дамытуға және көшбасшы болуға ұмтылу;
  • оқу «қажеттілігі» (оқушы мәртебесі).

Жеке мысал мотивацияда үлкен рөл атқарады. Балалар ересектердің іс-әрекетін өздеріне  көшіреді. Егер ата-аналар үнемі кітап оқып, өмір бойы оқуды жалғастырса, мәдениетке қызығушылық танытса және әуес ісіне уақыт бөлсе, бала білім алуға ұмтылады.

Мотивацияның екінші компоненті - оқу жетістіктері.
Баға білімнің көрсеткіші емес. Сізді электрондық баға емес, баланың нақты білімге қызығушылық танытатындығыңызды айтыңыз. Алынған білімді тәжірибеде қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. Балалардың талпыныстарын қолдаңыз.

Және күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша ата-аналарға жаднамалар таратылып, сынып жетекшілер жеке жұмыс жасады.

Жиналыс барысындағы сұрақтар негізінде ата-аналар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жауап беріліп, назарға алынды.

  • Мектеп асханасы жұмыс істейді ме? – Санитарлық талаптарға сай асхана уақытша жұмыс істемейтіндігі айтылды.
  • Былтырғы ватсап желісі өте тиімді болмағандықтан, Зум платформасына көшу жайында ұсыныс тасталды. Ата-аналардың арасында тағы сауалнама жүргізіп, шешілетіндігі айтылды.
  • Интернет жылдамдығын арттыру мақсатында, ауылдың атынан хат жазсақ, қалай болады? – ұсыныс назарға алынды. Қарастырып көретіндіктері жайында айтты.
  • Мектеп формасы оқушыға ыңғайлы болсын дедіңіздер, джинсы киюге бола ма? – Джинсы киімнің балаға қолайсыздық тудыратындығын, мектепке классикалық үлгідегі киім кию керек екендігі тағы бір мәрте ескертілді.

Сөз соңында мектеп директоры Бауыржан Аманжолұлы ата-аналарға рақмет айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст