Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 5 |
Мектеп: Қызылжар орта мектебі | ||||||||||
Күні: 07.03.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Мадинаш Айсулу | ||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: 25 |
Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Менің атым Қожа | ||||||||||
Сабақтың түрі |
Бекіту сабағы | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.ӘТН.4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу 5Т/А1. 5.06 Мәтіннен ақпаратты анықтау Тыңдалған және оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: | ||||||||||
Тыңдалған, оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді | |||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |||||||||||
Тыңдалған, оқылған мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтай алады. | |||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: | |||||||||||
Тыңдалған, оқылған мәтіндердегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады. | |||||||||||
Бағалау критерийі |
Мәтін мазмұнын түсінеді; Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «ПОПС» формуласы • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... » | ||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар |
Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, тарих | ||||||||||
Алдыңғы оқу |
Жас талант | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы 7 минут
|
Топқа бөлу Қызығушылықты ояту Топ мүшелері бір-бірінің қолдарын ұстап сәттілік тілеу. Ой қозғау Үй жұмысын сұрау. Сан есімдер орындалған тапсырмалар құрамында болу керек · Қожаға хат жазу. Кейіпкерге хат жазу · Диалог құру. Қожа және бүгінгі күн оқушысы арасында · Модельдеу. Повестегі кез келген кейіпкер немесе жануардың моделін жасау. Модель – адам қолымен жасалған материалды объект.
|
стикер
слайд
| |||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут
9 минут
8 минут
5 минут
8 минут
|
Тыңдалым алды сұрақтар: ü Қожа негізінде қандай бала? ü Қожаны бәрі бұзық дейді, бірақ біз бәріміз неге оны жақсы көреміз?
«Менің атым Қожа» фильміне 50 жыл» аттыаудио-видео тыңдалым материалын оқушыларға 2 рет тыңдауға ұсынылады.
Жорға сұрақтар: · Оқиға қай қалада орын алды? · Бейнебаянның басты кейіпкерлері кімдер? · Туынды қай жылы жарық көрді? · Қожаның образын кім сомдады? · Абдолла Қарсақбаев деген кім? · 1967 жылы атақты КАНН кинофестивалінде бұл фильм қандай жетістікке жетті? · Туындыда негізінде қай тұлғаның балалық шағы сипатталған? · Ермек Аманшаев деген кім? · Ермек Аманшаев балаларға қандай туындылар жасалынып жатқандығын айтты? · Марат Какенов фильмде кімнің рөлін сомдады? Болжалдық сан есімдер түсіндіріледі. Оқылым. 3 топқа 3 мәтін таратылып беріледі.
1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар.
2. Сан есімдерді табыңыздар. 3. Сол табылған сан есімдерден сан есімнің мағыналық түрлерін жасаймыз. Бағалау.«Тарсия» әдісі «ТАРСИЯ» ӘДІСІ. Қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып, фигура құрастырады. 3 топқа бірдей сұрақтар қойылып, жарыс ұйымдастырылады. |
Үлестірме материалиалдар | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия. «Жаттығу» Үйге тапсырма:Америкалық жазушы Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты классикалық туынды негізінде түсірілген 2011 жылғы «Том Сойер» фильмін қарау
|
Стикер
| |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
| |||||||||||
1 – топ
Кітаптағы ең бір қайғылы тарау
болар деймін.
- Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? — деп сұрады зоология пәнінің мұғалімі Оспанов.
- Мен әкелем, — дедім.
- Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ.
- Ағай, неше бақаәкелейін?
- Бір... екеу әкелсең, жетеді.
Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға толтырып, бес бақа әкелдім. Оның біреуі ғана үлкендеу еді де, басқалары кішкентай ұсақ бақалар болатын.
Бірінші сабақ қазақ тілі. Класқа Майқанова кірді де, класс журналы мен сумкасын менің алдыма стол үстіне қалдырып, өзі тысқа шығып кетті. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде сап етіп басыма бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім. Не
болар екен?
Қоңырау соғылды, сабақ, басталды. Тізім шақырып болғаннан кейін, Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды. Сол кезде кішкентай қарасұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен дауысы бірақ шығып үлгерді. Ӛңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр...
Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып, ауырып
қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр. Бүкіл мектепті даңғаза қылған бақа оқиғасының мән-жайы, міне, осындай.
2 – топ
Мен байыбына бара алмаған жұмбақтың шешуін үйге келгенненкейін мамам
айтты:
- Балам, сен класс жетекшіңе бекер ренжисің. «Майқанова маған өш, мені жек көреді, қыр соңыма түсіп алды» дегеніңнің бәрі бос сөз, — деді мамам. — Жек кӛрген адам педсоветте саған жаны ашып, қорғап сөйлемеген болар еді. Ол сені жек көрмек түгіл, жақсы көреді, осыны біл. Оған ұнамайтыны сенің тентектік қылықтарың. Жасында жетімдік өмірдің
тауқыметін көп тартып, жүйкесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады. Сендердің әрбір жөнсіз қылықтарың оның миына инедей қадалып тұрады. Майқанованың шыж
-
быж етіп ұрса жөнелетіні осы себептен. Мінезі әлгіндей адамға сендер секілді жүгенсіз асаулармен арпалысу жеңіл тимейді.
Сен ақымақтар осыны түсінулерің, мұғалімді аяуларың керек.
Мамамның Майқанова жӛнінде айтқандары маған ой салды. Шынында да, оның менімен өш боларлықтай алты аласы, бес бересісі бар ма? Шырылдаса, ұрысса, бізді адам болсын, жаман жолға түсіп кетпесін дейтін шығар. Иә, мамам айтпақшы, біз бала деген ақымақ халықпыз,шолақ ойлаймыз.
Мен Майқанованың жетім өскендігін білмеуші едім. Енді оған біртүрлі
аяныш көзбен қарай бастағандаймын. Бәсе, денесі де сондай нәзік, киімі де
жұпыны, қыстан бүрсеңдеп жұқа пальтомен шықты. Оқу бітіргеніне бір ғана жыл болған, қайтсін енді. Сонымен тақасып, әй, Қара Қожа, ақымақсың, шикісің әлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңежоқ.
Менің Майқанова жөніндегі пікірімнің оңы — сол, солы оң болып
өзгере бастады.
— Педсовет, педсовет
немен тынды?
Сабыр ет, оқушым, қазір айтып берем. Педсоветтің тиянағы мынадай:
Қадыров жөніндегі мәселе класс жиналысында қаралсын. Егер алтыншы класс оқушылары Қадыров Қожаның бұдан былай ешқандай тәртіпсіздік істемеймін, түзелемін деген уәдесіне сеніп, дирекция алдында кепілдік беретін болса, онда Қадыров осы мектепте сынға қалдырылсын. Ал егер олар ондай кепілдік бермесе, Қадыров Қожа осы аудандағы өзге мектептердің біріне ауыстырылсын.
Педсоветтің мен жөніндегі қаулысы осындай.
3
– топ
Құпия кеңес жайы сөз болады, повесть осыменаяқталады.
Кешкі астан кейін тӛр үйге кіріп, стол шамды жақтым да, сырттан ештеңе кӛрінбестей етіп терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер Қожамен бетпе-бет
келіп отырдым.
- Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе — тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан
былай не істеуімкерек?
Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да, қылмыскердің жүзіне қарадым:
- Ал сөйле, батырым.
Ол арсыз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді.
Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымды қарс түйіп, Ахметовкееліктеп, столды тарсеткізіп қойып қалдым:
- Түрегел!
Батырыңа жан керекекен, ұшып түрегелді.
- Отыр!
Қайта отырды.
- Неге
шақырдың, Қожатай? — деп әжемкіріп кележатыр.
- Шақырғамжоқ, ары барыңыз.
- Дауыстағандай болдың ғой?
- Сізге емес... жайша. Мұндақұпия кеңесөтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.
- Кеңесі несі?
- Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиылыс, жиылыс
өтіп жатыр.
Әжем бір сәтке
аңырып, үрке қарап қалды.
- Әкем -
ау, мынау не айтады? Жиылысы несі? Столды айнаның алдына неге
қойдың?
- Ту, жарықтық -
ай, — деп кейідім мен, — өзіңізге тиісті емес нәрседе не
шаруаңыз бар. Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім, Өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатынасуғаболмайды.
Әжем менің қасыма келді. Қарасы қызғылттанып, жасаураған қоңыр көздері өңменімнен өтіп барады.
- Қожатай, шыбыным... сен... бисмилла деші. Бисмилла деші,
шыбыным... Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымалданып жүрсің ғой деймін. Бисмилладеші...
Ыза болғанымсоншалық:
- Бисмилла! Бисмилла! Бисмилла! — деп нығарлап үш рет айттым. —
Болды ма? Жоқ, тағы айтайын ба?
- Шыбыным... жалғыздан жалғыз отырып та адам жиналыс өткізе ме
екен? Түн болса, сарылып көп оқисың. Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін?
Мен орнымнан ұшып түрегелдім:
- Айналайын әжетай, барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы.
Тартыншақтағанына болмай, әжемді шығарып жібердім де, есікті іліп алдым.