Қызылжар орта мектебінде «Дүниежүзілік психологиялық денсаулық күніне» орай ата-аналармен өткізілген іс-шаралар туралы ақпара
ҚР Білім және ғылым министірлігінің БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен жоспары аясында, психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы мен әдістері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында Қызылжар орта мектебінде 09.10.2020 ж. күні 8-9-10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы» тақырыбында онлайн жиналыс болып өтті. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарын нығайту. Бұл жиналысқа 72 ата-ана қатысты.Сонымен қатар 8-9-10-11 сынып оқушыларына «Менің психикалық денсаулығым» тақырыбында онлайн материалдар жіберілді. Бірлескен жоспар шеңберінде әзірленген материалдар аталған іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылды.
Бастауыш сынып оқушыларымен де психикалық денсаулықты нығайту мақсатында түрлі жұмыстар атқарылды.
Педагог - психолог: Муканбеталина Б.С.